432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

  • 269
  • UPD: 12:13, 22.09.2020
Шығыс Қазақстанда бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлері «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Сонымен, ШҚО-ның Глубоковский ауданында ЖШС директоры азаматтарды жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныстандыру және қоныс аудару туралы жалған мәліметтерді ұсынып, 6,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды. Шынында, бағдарламаға қатысушылар (қоныс аударушылар) ШҚО-ның аумағында іс жүзінде тұрып, еңбек қызметін жүзеге асырмаған.

Ұлан ауданында осыған ұқсас 13,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолы кесілді.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 189 (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және 190 (алаяқтық) баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы