432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азаматтар банк картасын қабылдаудан бас тарту деректері туралы хабарлай алады

  • 171
  • UPD: 13:21, 22.09.2020
Азаматтар банк картасын қабылдаудан бас тарту деректері туралы хабарлай алады

Енді азаматтар фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту деректері туралы хабарлай алады, 

Қазір республика бойынша арнайы акция өтіп жатыр. Дүкендер мен сауда орындары банк картасын қабылдаудан бас тартса, ол заңбұзушылық болып есептеледі. Биыл акция басталғалы 3 мың заңбұзушылық дерегі расталып, бұл туралы хабарлаған азаматтарға 3 млн теңге сомаға сыйақы төленді. Оның ішінде қайта заң бұзған 90 кәсіпкерге 2 млн 6 мың теңге айыппұл салынды. Айта кетейік, фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон шотына (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы