428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында құс тұмауы таралған ауылдар карантинге жабылады

  • 209
  • UPD: 15:26, 22.09.2020

Павлодар облысында құс тұмауы тіркелген бірнеше ауыл карантинге жабылады.

Тереңкөл және Железинка аудандарында үй құстары жаппай қырылып жатыр. Бүгінгі күні 2 мыңнан аса үйрек, қаз, тауық және күркетауық өлген. Ұлттық ветеринариялық орталық сараптамасының қорытындысы бойынша қанаттылардың құс тұмауына шалдыққаны белгілі болды. Жұқпалы індет Тереңкөл ауданының Трофимовка елді мекенінде 158 құстан табылды. Осы орайда аудандық ветеринариялық инспекциясының ұсынысымен Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі шектеу қою туралы құжат жобасын әзірлеп, Әділет басқармасына жолдады. Қаулыға сәйкес ауылдан шығатын көліктердің бәрі дезинфекциялық бекеттерден өтеді. Халық арасында түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Хабар 24 телеарнасы