427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда үй құстары қырылып жатыр

  • 186
  • UPD: 15:29, 22.09.2020
Қарағандыда үй құстары қырылып жатыр

Изенді мен Тассуат ауылында бас-аяғы 86 бас тауық пен қаз белгісіз індеттен өлген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Неден қырылғаны әзірге белгісіз. Бүгін ветеринар мамандар өлекселерден және тірі құстардан сынама алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханаға жіберді. Апта соңында қорытындысы шықпақ. «Қанаттылардың нақты неден қырылғаны да сол кезде белгілі болмақ», – дейді ветеринарлар.

Марат Мұхтаров, облыстық Ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі:

– Қандай ауру екені әлі белгісіз. Себебі өлген құстардан патологиялық материалдар алынып, қан сынамалары Нұр-Сұлтандағы референдтік орталыққа жіберілді. Бүгінгі күні зерттелу үстінде. Әзірге құс фабрикаларынан ешқандай өлім-жітім хабары келіп түскен жоқ.

Қырылған құстардың барлығы ауыл тұрғындарінікі. Бұл маңда құс фермасы жоқ. Мамандар: «Сынама нәтижесін қосымша хабарлаймыз», – деп отыр. Айта кету керек, жылдағы жоспарға сәйкес биыл өңірдегі құс фермалары мен жақын маңдағы ауылдарда 500 мыңға жуық құсқа екпе салынған.

Хабар 24 телеарнасы