427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының мектептеріне 23 мыңнан астам компьютер сатып алынады

  • 87
Ақмола облысының мектептеріне 23 мыңнан астам компьютер сатып алынады gov.kz

Ақмола облысына 23 043 дана компьютерлік техника сатып алуға бюджеттен 3 568 574,128 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Соның ішінде: дербес компьютерлер­ – 2398 дана, ноутбуктер – 17537 дана, планшеттер ­– 3108 дана.

Бұл компьютерлер облыс мектептерінің материалдық базасын нығайтуға және оларды әрі қарай қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік осал отбасылардың балаларына уақытша пайдалануға беруге арналған.

«ҚР Үкіметі бөлген қаражатқа облыс  мектептері үшін компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін  құрамында Nur Otan партиясы облыстық филиалының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің, арнайы мониторингтік топтың, «Akmola-adaldyk alany» жобалық кеңсесінің, Қамқоршылық кеңестің, білім басқармасының өкілдерінен тұратын қоғамдық комиссия құрылды», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ккомпьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алуды Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ жүзеге асырады.

Хабар 24 телеарнасы