427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы дүкендеріндегі тамақ өнімдерінен ГМО анықталды

  • 224
  • UPD: 16:27, 22.09.2020
Алматы дүкендеріндегі тамақ өнімдерінен ГМО анықталды

Алматы қаласында дүкен сөрелеріндегі тамақ өнімдерінен ГМО анықталды.

ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан келген «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және «Butter Соокіеѕ Danish Pride» түрік печеньесінің бір сынамасында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімінің сынамасын сатып алды. Сараптама үшін сатып алынған үлгілер Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жеткізілді.

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-тен 10,25%-ке дейін, печеньеде 47,75%-тен асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-тен аспайтынын атап өткен жөн.

Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша шаралар жүргізуде.

Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Сондай-ақ сапасыз өнім анықталған жағдайда қазақстандықтар ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаменттеріне жүгіне алады.

Хабар 24 телеарнасы