428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі тәркіленді

  • 91
  • UPD: 16:45, 22.09.2020
Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі тәркіленді

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі заты тәркіленді, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Луговой станциясындағы полиция қызметкерлері 11 тамызда «Қарасора-2020» жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында Т.Рысқұлов ауданының құмды аймағында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде олардың әрқайсынан ішіне өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған бір-бір қап табылып, тәркіленді», - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, құқықбұзушылардың тұрғылықты жеріндегі шөп қораны тінту кезінде тағы да 1,5 қап есірткі заты табылған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 28 келіден асатын «марихуана» есірткі заты болып шықты. Сондай-ақ көлік полицейлері жоғарыда аталған тұлғалардың бұл есірткілерді құмды аймақта жинап, оларды теміржол көлігі арқылы республиканың астанасы мен солтүстік өңірлеріне тасымалдауды көздегендерін анықтады», - деді О.Бекеев.

Т.Рысқұлов аудандық сотының үкімімен кәнілілер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы