432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құс тұмауы: Қостанай облысында 3 ауыл карантинге жабылды

  • 198
  • UPD: 17:26, 22.09.2020
Құс тұмауы: Қостанай облысында 3 ауыл карантинге жабылды

Қостанай облысында құс тұмауы Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарындағы үш ауылда тіркеліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кенеттен келген кеселден 200-ден астам құс қырылып қалған. Қазір аталған елді мекендерде карантин жарияланып, жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аумақтағы барлық үй құсын вакцинациялау шарасы қолға алынды. Бұл мақсатқа облысқа 21 мың дана вакцина бөлінген. Ветеринарлар қанаттыларды егуді бір-екі күнде бітіреміз дейді. Ал өңірдегі 5 құс фабикасындағы жағдай қалыпты. Тек Арқалық құс фабрикасында тауықтардың бірең-саран өлімі тіркелген. Оған не себеп болғаны әзірге беймәлім.

Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Ол құс тұмауынан ба, әлде басқа себептерден бе, ол жағы тексеріледі. Бүгін таңертең біздің ветеринария басқармасынан арнайы маман іссапарға кетті. Және де облыстық аумақтық басқарманың басшысы да сонда анықтау мәселесімен кетті.

Хабар 24 телеарнасы