432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда пәтерлерін заңсыз жалға бергендер анықталды

  • 155
  • UPD: 17:28, 22.09.2020
Атырауда пәтерлерін заңсыз жалға бергендер анықталды

Республикалық «Учаске» шарасы кезінде 778 пәтерге тексеру жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғанындай, облыс орталығындағы 67 пәтер заңсыз жалға берілген. Атырау өндірістік қала болғандықтан, өзге өңірлер мен ТМД елдерінен жұмыс іздеп келушілер көп. Олардың пәтер жалдағанда негізінен заңды тұлғалардан емес, арзан бағаға осындай заңсыз жолдарды іздестіретіні жасырын емес. Енді көлеңкелі бизнесті кәсіп еткендер заң алдында жауап береді.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Бұл азаматтар пәтер ақысынан түскен табыстан тиісті салықтарын төлемеген. Ешқандай құжатсыз жұмыс істеген. Жиналған материалдар облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне жолданды.

Хабар 24 телеарнасы