428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жылу қазандықтары газға қосылады

  • 164
  • UPD: 21:54, 22.09.2020
Елордадағы жылу қазандықтары газға қосылады

Елордадағы жылыту қазандықтары газға қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімі Алтай Көлгінов арнамызға берген сұхбатында 1 және 2 жылу электр орталықтарына газ тартылатынын айтты. Осылайша, көмірдің үлесі едәуір азаймақ. Сондай-ақ көп ұзамай тұрғын үйлерге де көгілдір отын беріледі. Әкімнің айтуынша, газ құбырлары бірқатар ықшам ауданның көшелеріне тартылып та үлгерген. Ал газ есептегіштер мемлекеттің есебінен қойылады.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Бізде аз қамтылған отбасыларға газдандыруда мемлекет тарапынан көмек, тұрғын үй көмегі деген бар. Аз қамтылған отбасының өзінің табыс дәрежесі болады. Тиісті табыс дәрежесінен төмен болса, біз тұрғын үй көмегін бере аламыз. Бірақ бәріне ол көмек болмайды.

Биыл елордаға жылу ертерек беріледі. Алтай Көлгіновтің айтуынша, әлеуметтік нысандардың тең жарымына жылуға қосылып та үлгерген. Алдағы уақытта маусымдық дайындығына қарай тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды.

Хабар 24 телеарнасы