427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құбырларды жаңғырту жұмыстары созылып кетті – қызылордалықтар

  • 109
  • UPD: 23:34, 22.09.2020

Жылу беру маусымына аз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Қызылорда қаласында құбырларды жаңғырту жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Көшелерді қазып тастағандықтан, көлік қатынасы да қиындап кеткен. Құрылыс қарқыны өте баяу. Тұрғындар күн суытса, бүрсең қағып қалмаймыз ба деп алаңдайды.

Елтай Самтұлының есік алдының астаң-кестеңі шығып жатқанына 3 айдай болыпты. Өзі – үшінші топ мүгедегі. Жедел жәрдемді жиі шақыртады. Алайда көшені қазып тастағалы, көліктің жолы бөгелген.

Елтай Сматұлы, қала тұрғыны:

– Мына қарқынмен бітетін түрі жоқ. 3 айдан бері қазып жатыр. Анда-санда ауырып қаламыз, дәрі-дәрмек керек боп қалады, бір жерге барып келейік десек те, бара алмай отырамыз. Тезірек бітсе екен дейміз.

Бұл Бөкейхан көшесінде жалпы ұзындығы 3 шақырым жылу жүйесі жаңартылып жатыр. Диаметрі 630 және 720 мелиметр болатын үлкен құбырлар жаңалануда. Бірақ құрылыстың ұзаққа созылуы тұрғындарды мезі еткен.

Роза Жаманова, қала тұрғыны:

– Тамыз айының соңында құрылысты аяқтаймыз деп уәде берген еді. Содан бері қиындықты көріп келеміз. Бұл жермен қоғамдық көліктер де жүрмейтін болды.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Бөкейхан көшесінің тұрғындары көлікпен шықпақ тұрмақ, жаяу жүрулерінің өзі мұңға айналғандай. Мәселен, мына тратуар осы жерден аяқталады. Әрі қарай өте терең ор. Тұрғындар ең болмаса, уақытша көпір салып берсе дейді. Өйткені күнделікті нан мен сүтін алу үшін дүкенге де шыға алмай отыр.

Қала іргесінедегі Белкөл кентінде де жылу жүйесінің құрылысы кестеден кешігіп жатыр. Бар-жоғы 1 шақырым жылу құбыры қыркүйек айының 23-не іске қосылу керек еді. Бірақ ондағы жұмыс тың ғана жартысы ғана жасалған. 

Марат Қаниев, құрылыс учаскесінің прорабы:

– Жұмыс тұрып қалған жоқ. Бірақ баяу жүріп жатыр. Демалыс күндерінде де жұмыс істеп жатырмыз. Құбыр Алматыдан келеді. Шамалы кешеуілдеп, қол ұстап тұр. Қазір 15-тей адам жұмыс істеп тұрмыз. 50-60 процент бітіп тұр.

Ал тапсырыс беруші мекеме басшысы қазан айына дейін қаладағы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарын аяқтау үшін мердігерлер міндеттеме алды дейді.

Наурыз Сатханов, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директорының м.а:

– Барлығына бағдарлама қойылған, жоспар осы айдың аяғына дейін бізге толық құбырларды жалғап беру керек. Құбыр жұмыстары біту керек. Ал үстіңгі жағындағы жабу, жұмыстары және асфальттау жұмыстары бар. Олар 15 қазанға дейін барады. Ал бірінші қазанға дейін бізге су беріп, сынақтан өткізуге жасап береді.

Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласында түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 7 шақырымнан астам жылу жүйесі жаңаланып жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы