427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Көлгінов: Үлескерлер мәселесі мемлекет назарында

  • 150
А.Көлгінов: Үлескерлер мәселесі мемлекет назарында

Елордада үлескерлер дауына қалған 52 тұрғын үй кешені бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырдан бері 10 үйдің мәселесі шешімін тапты. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі биыл тағы 20 нысанға қатысты түйткілді шешуді көздеп отыр. Шаһар басшысының айтуынша, құрылысы аяқталмаған кейбір көпқабатты үйді паналап отырған отбасылар бар. Әсіресе, қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде бой көтерген нысандар бүгінде мемлекеттің назарында. Көптеген жылдар бойы қордаланған үлескерлер проблемасын шешуге 40 млрд теңге бөлінген. Алайда болашақта қайтарылуы тиіс бұл қаржының өзі мәселені түбегейлі шешуге жеткіліксіз.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Бір жылда шешілетін мәселе емес. Алдағы 2020, 2021, 2022, 2023. Соған дейін тиісті жоспар бар. Себебі ол жерде жай ғана котлован тұр. Котлован болатын жердегі үйді сатып жіберген. Қаншама отбасы жоқ үйді сатып алған. Ондай проблема бар, ол біздің бақылауымызда.

Хабар 24 телеарнасы