427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Моторс» компаниясы елордадағы ауруханаларға 14 жаңа көлік жеткізді

  • 186
  • UPD: 23:32, 22.09.2020

«Астана Моторс» Қазақстан Республикасында санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасы аясында реанимобильдер жеткізуді бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел жәрдемге арналған бұл көліктердің алды бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына арнайы әкелінді. 

«Астана Моторс» елордаға неміс және итальян өндірісіндегі озық жабдықтармен жабдықталған 14 реанимобильді мерзімінен бұрын жеткізді. Жаңа жедел жәрдем көлігінің артықшылығы – жоғары технологиялық өкпені жасанды желдету апараттары бар.

Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» ҚМК бас директоры:

– «Астана моторс» компаниясы жыл соңына дейін 341 автокөлікті Қазақстандағы жедел жәрдем станцияларына тапсырады. Бұл автокөлікте Италия, Германияда жасалған мед құралдар қойылған. Коронавирус кезінде қойылған құралдар адамдардың өмірін сақтайды.

Hyundai H350 Ambulancе Еуро-5 экологиялық стандарттарына сай келеді. Бұл – жоғары деңгейлі медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем көлігінің жоғары технологиялық түрі. Ол Қазақстан тапсырысы бойынша, автокөлік елдің әртүрлі өңірлерінің климаттық жағдайларын ескере отырып арнайы әзірленген.

Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Біз жыл сайын ресурстық техникалық жаңартып отырамыз. Былтыр 52 көлік, биыл 35 көлік алу жоспарланып отыр. Келген көліктер – толыққанды С кластағы мобильдер. Мұның ішінде портативті ИВЛ, монитор бар.

«Астана Моторс» лизинг шарты аясында 341 HYUNDAI H350 Ambulance бірлігінен Нұр-сұлтан қаласына 14 жедел жәрдем көлігін тапсырды. «Астана Моторс» компаниясының демеушілігімен 327 автокөлік жақын арада өңірлерге жіберіледі.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы