432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда 70 жылдай жөнделмеген апатты үй тұрғындарының үрейі қашып отыр

  • 153
  • UPD: 10:08, 23.09.2020

Петропавлда қабырғасы жарылып, кірпіші құлап, төбесі үгітіліп жатқан екі қабатты үйдің тұрғындары баспаналарына тексеріс жұмыстарын жүргізулерін талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі өткен ғасырдың 50-жылдары пайдалануға берілген ағаш үйге күрделі жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмепті. Зәресі қашқан халық баспанамыз бір күні құлап қала ма деп үйрейленеді.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Ылғал тартқан қабырға, жуанатын бөлменің төбесінен құлап жатқан кірпіштер. Людмила Лупачёва анасы әрі балаларымен осындай пәтерде тұрады. Үлкен қызы субүйрек және демікпе ауруына шалдыққан. Әрине, науқас балаға мұнда қиын. Бірақ басқа барар жері жоқ.

Людмила Лупачёва, қала тұрғыны:

- Төменгі жақ көгеріп, дымқыл тартуда. Кірпіштері де құлап жатыр. Осының салдарынан міне, қабырға да үгілітілуде.

Тұрғындар қыстың көзі қырауда жағдай мүлдем қиындап кететінін айтады. Барлық тесіктен жел соғады. Тіпті аязды күндері құбырдағы су қатып қалады екен. Халық өздері пәтерлерін жөндегілері келеді-ақ. Алайда, екі қабаттан тұратын үй әбден тозған.

Татяьна Анашкина, қала тұрғыны:

- Астынан бәрі шіріп жатыр. Міне, үйдің іргетасы көрінбей қалды. 70 жылдан астам уақыт болды ғой бұл баспанаға.

Үйдің қасбетін қалыпқа келтіруге еш негіз жоқ. Себебі тақтайлары шіріп кеткен. Қазір халық мұнда тұруға үрейленеді.

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

- Биыл қазынада қаржы қалса, үйдің техникалық жағдайын тексеріп, бағалау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Егер үлгермесек, аталған шаруаларды келер жылға қалдырамыз.

Әкімдіктегілер әзірге бұл үйдің сүрмейтінін айтты. Себебі оны апатты деп тану үшін арнайы тексерістен өткізу қажет. Жалпы бүгінгі күні облыс орталығында осындай 20 шақты баспана бар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Нұргүл Ахметова, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы