432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте шаруа қожалығының екі жұмысшысы түйнеме жұқтырды

  • 208
  • UPD: 13:45, 23.09.2020
Шымкентте шаруа қожалығының екі жұмысшысы түйнеме жұқтырды

Шымкентте екі адамнан Сібір ойық жарасы ауруы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастардың бірі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Ал тағы бірі жуырда ауруханадан құлан-таза айығып үйіне шыққан. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.

балкүміс Мұсаева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы :

- Ошақта біз анықтағанымыз, 21 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы антибиотикпен емделіп, медициналық бақылауда болды. Жағдайлары жақсы. Олар жақын туыстары. Ешқандай шағымдары жоқ. Сібір жарасына анықталған ешқандай белгілері болған жоқ. Қазіргі таңда ошақ жабылды. Инкубациялық кезең бітті. Қайталанған жағдайлар тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы