428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 жұқтырған 2 мыңға жуық медицина қызметкері төлем алды

  • 110
  • UPD: 11:19, 23.09.2020
COVID-19 жұқтырған 2 мыңға жуық медицина қызметкері төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 965 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 26 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

- 21 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 965 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 26 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды, - делінген ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көбі Нұр-Сұлтан (502) және Алматы (373), Шымкент (117) қалалары, Қарағанды (138), Батыс Қазақстан (115) және Ақмола (107) облыстары бойынша жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы