429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин фильм түсіру саласына қаншалықты әсер етті

  • 98
  • UPD: 11:53, 23.09.2020
Карантин фильм түсіру саласына қаншалықты әсер етті

Бірінші жартыжылдықта елімізде кино және бейнефильмдер, телебағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар шығару бойынша қызметтер көлемі 17,7 млрд теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2% аз, деп хабарлады finprom.kz.

Қазақстан өңірлерінің ішінде тек Алматыға осы саладағы қызметтердің жалпы көлемінің 69,5%-і тиесілі: 12,3 млрд теңге – 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 30,6% аз.

Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр: 3,3 млрд теңге – өткен жылмен салыстырғанда 36,6% аз. Басқа аймақтарға қызметтердің жалпы көлемінің тек 12,1%-і тиесілі.

Кинофильмдер көрсету қызметтері 2,3 есе, яғни 4,8 млрд теңгеге дейін құлдырады.

Фильм, бейнебаян мен теледидар бағдарламаларын өндіру 2 есе қысқарды.

Хабар 24 телеарнасы