430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының Ертіс өңірінде құс тұмауының жаңа деректері тіркелді

  • 172
  • UPD: 15:18, 23.09.2020

Ертіс өңірінде құс тұмауының бірнеше дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылы карантинге жабылды. Еске салайық, бүгінгі күнге дейін Ертіс өңірінде Железин ауданының Ақтау және Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылында құс тұмауы таралды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Железин ауданында құс өлімінің жаңа деректері тіркелген жоқ. Ал Ақтау ауылында тағы бір аулада құс тұмауы табылды. Таңертең тағы өлі сегіз қанатты жойылды.

Айта кетейік, Тереңкөл ауылында жаңа деректер анықталмады. Аудан әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, өңір бойынша құстарға 18800 екпе салынды. Ал қанаттылардың жалпы саны 97 мыңға жетеді. Бүгінде ауыл халқы ішінде түсіндіру жұмыстары басталды. Сақтық шаралары шеңберінде ауыл аумағында дезинфекциялық кедергілер қойылады.

Қайырбек Әпсәлямов, Тереңкөл ауданы трофимовка ауылының әкімі:

- Жоғары патогенді құс тұмауы табылды. Қазіргі уақытта аулалардағы қанаттылардың санағы басталды. Жаңақұрылыс ауылдық округінде 5 мыңнан астам құс бар. Ал Трофимовка ауылында 1800 бас бар. Екпе салынды. Қораларда дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Карантиндік шаралар басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы