432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі

  • 165
  • UPD: 15:23, 23.09.2020
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі фото: syrboyi.kz

Соңғы 8 айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мың шағым келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шамамен 30 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған жағдайларда шағымданушы жақ арыздарын қайтарып алған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

«Осыған байланысты учаскелік полиция зардап шегушінің кешіріміне қарамастан, өздігінен шешім қабылдауы керек», - дейді депутаттар. Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері арасында 2014 жылы жасалған бұйрықты қайта қарау туралы сөз болды. Ал депутат Зағипа Балиева әйелдер мен сәбилердің құқықтарын қорғау үшін Отбасы, балалар және жастар істері жөнінде бөлек министрлік құру жайында ұсыныс айтты.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде отбасы, балалар және жастар істерімен айналысатын 18 мемлекеттік мекеме қызмет етеді. Енді арнайы министрлік ашатын уақыт та келді. Жаңа ведомство жанұя құндылықтарын дәріптеп, күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ажырасу көрсеткіші 22%-ке өскен. Осыған байланысты отбасылық сот жүйесі де пайда болуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы