428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Сібір жарасымен ауырған науқастардың жағдайы жақсы

  • 158
  • UPD: 15:57, 23.09.2020

Қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында науқастардың бірі әлі де ем алуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, бірі үйіне шығарылған. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді. Індетке шалдыққандар ағайынды кісілер. Олар Түркістан облысы Сайрам ауданы аумағындағы өздерінің жеке шаруа қожалығында ірі қара мал ұстап, бордақылап сатумен айналысқан екен.

«Науқастарға Сібір жарасы қыркүйек айының басында шыққан», - дейді санитар дәрігерлер. Олармен қарым-қатынаста болған 21 адам медицина мамандарының бақылауында болып, емделген. Сондай-ақ мамандар Шымкент пен Түркістан облысының жақын жатқан аудандары Сібір ойық жарасы бойынша қолайсыз аймақ екендігін де атап өтті. Былтыр Шымкентте бұл жұқпалы аурудың бір дерегі тіркелген болатын.

Балкүміс Мұсаева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Ошақта 21 адаммен қарым-қатынаста болғанын анықтадық. Олардың барлығы антибиотикпен емделіп, медициналық бақылауда болды. Жағдайлары жақсы. Олар жақын туыстар. Ешқандай шағымдары жоқ. Сібір жарасына анықталған ешқандай белгілері болған жоқ. Қазіргі таңда ошақ жабылды. Инкубациялық кезең бітті. Қайталанған жағдайлар тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы