429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында қызылмия тамырын өңдейтін зауыт жұмысы тоқтап тұр

  • 167
  • UPD: 15:26, 23.09.2020
Қызылорда облысында қызылмия тамырын өңдейтін зауыт жұмысы тоқтап тұр

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1 миллиард 8 миллион теңгеге салынған кәсіпорын 2013 жылдың аяғында ашылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашында Жалағаш ауданында орналасқан өндіріс ошағы глицирризин қышқылы, полисахарид және мия шайын Қытай мен Оңтүстік Корея нарығына шығарып, зауыттың жұмысы жақсы жүрді. Дегенмен, әлемдік нарықта мия өнімдерінің құны төмендеп кетуіне байланысты өндірістік желі тұралап, жүзге жуық тұрғын жұмыссыз қалды. Дәрі-дәрмек атаулының басым көпшілігінің құрамына қосылатын мия тамыры Сырдың бойында ауқымды алқапты алып жатыр. Биологиялық компонентке бай шөп қазір көлеңкелі жолмен сыртқа сатылып жатыр. Зауыт құрылтайшылары қазіргі таңда бұршақ тұқымдас өсімдікті қабылдап, терең өңдеу жұмысын қайта қосуды жоспарлап отыр.

Асылбек Шәменов, Жалағаш ауданының әкімі:

- Құрылтайшысы өз қаражатына 16 млн 400 мыңдай теңге бөліп, зауытқа газ әкелу құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылтайшылар биыл осыны қосамыз деп, барлық күштерін салып жатыр. «Біздің шикізатымыз бар», деп қоймаларында ұстап отыр. Тек қана облыс емес, көршілес Түркістан, Ақтөбе облыстарының компанияларымен бірлесіп, шикізат алуға көздері бар.

Хабар 24 телеарнасы