427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдан Алматыға есірткі жеткізбек болған тұрғын ұсталды

  • 114
  • UPD: 15:05, 23.09.2020
Жамбылдан Алматыға есірткі жеткізбек болған тұрғын ұсталды

Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен жеткізбек болған, деп хабарлады Polisia.kz.

Ол Меркі ауданының тұрғыны, 1987 жылы туған Б. есімді азамат болып шықты.

«Кешкі сағат сегіздер шамасында Жандосов көшесінде шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық-экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері «Тойота Камри» көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген Б. есімді азамат жолаушы ретінде келе жатты. Жеке тексеру кезінде процессуалдық тәртіпте ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен орамы табылып, тәркіленді. Кейінірек сот-химиялық сараптама анықтағандай, ол жалпы салмағы 1 килограмм 088 грамм болатын гашиш болып шықты. Есірткі сатушы оны өзінің жеке қажеттілігі үшін ғана пайдаланатынын айтты. Шын мәнінде, ол үлкен шаһарға есірткі жеткізудің тұрақты арнасының бірі болып табылады деген нұсқа бар. Бұл бойынша жедел ақпарат мұқият тексерілуде», – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Мәулен Қасымжан.

Хабар 24 телеарнасы