429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл» партиясы жалпыұлттық сауалнама жүргізеді

  • 189
«Ауыл» партиясы жалпыұлттық сауалнама жүргізеді

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Eл аманаты» атты жалпыұлттық сауалнама жүргізуді қолға алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп қоғамды толғандыратын түйткілді мәселелерді аманат етіп алып, бағдарламасына енгізу арқылы халыққа тиімді қызмет етуді мақсат тұтып отыр. Бұл жөнінде «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің отырысында белгілі болды.

Басқосуда ұлттық сауалнаманың республикалық штабын, еріктілер желісін құру, сауалнаманы бекіту секілді бірқатар мәселе қаралды. Сондай-ақ елімізге белгілі тұлғалар «Ауыл» партиясына мүшелікке қабылданып, партиялық билеттер тапсырылды. Жиын соңында «Ауыл» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының есебі де тыңдалды.

Хабар 24 телеарнасы