427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үш әуе компаниясының Ливияға заңсыз қару жеткізуге қатысы болуы мүмкін

  • 159
Үш әуе компаниясының Ливияға заңсыз қару жеткізуге қатысы болуы мүмкін

Биыл ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты санкциялардың бұзылуы бойынша хаттарды ұсынды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заң бұзған үш әуе компания бойынша жұмыстар жүргізді. Олар Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін жұмыс істеген болуы мүмкін. Әуе кемелерінің негізгі базасы – Біріккен Араб Әмірліктері.

Шетелдік әуе компанияларының әрекеттерінен сақтау мақсатында жүк тасымалдауға және оларды кейіннен бақылауға арналған қосымша шарттар әзірленді. Олар «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заң жобасына енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы