432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды

  • 260
  • UPD: 19:48, 23.09.2020
ШҚО-да кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды

Өңірдегі алғашқы дерек 14 қыркүйек күні Алтай ауданы, Парыгино ауылында тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші сынып оқушысының анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Баланың дене температурасы 37 градусқа дейін көтерілген. Вирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. Бала қазір үйінде емделіп жатыр. Жағдайы жаман емес. Бір сыныпта оқыған 12 бала мен мұғалімдерден тест сынамасы алынған. Сондай-ақ сырқат баланың жақындары да тексеріліп жатыр.

Владимир Коробкин, Алтай аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– Бала 14 қыркүйек күні ауырды. 17 қыркүйек күні тест сынамасының қорытындысын алдық. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды. Дене қызуы сәл көтерілген еді. Келесі күні дәл осындай ауру белгілерімен оның 1-сыныпта оқитын інісі келді. Ол баланы да жан-жақты тексердік. Одан вирус анықталған жоқ. Тест сынамасы теріс нәтижие көрсетті. Мектептің медицина қызметкері барлық баланы бақылауға алып, санитарлық талаптарды орындап жатыр. Жақын байланыста болған жақындары оқшауланды.

 

Хабар 24 телеарнасы