427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда құс тұмауына қарсы қосымша вакциналар алынады

  • 190
  • UPD: 20:39, 23.09.2020

БҚО-да биыл құс тұмауына қарсы 115 мың доза көлемінде екпе салу жоспарланған еді.

Енді тағы қосымша вакцина қажет болып тұр. Бұған елдің Ресеймен көршілес аймақтарында құс тұмауының өршуі себеп. Өңірде тіркелген 1 млн 600 мыңдай үй құсының дені ауыл шаруашылығы құрылымдарының иелігінде.

Қазыбек Тәшімов, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі ветеринарлық қызмет тарапынан бірлескен жұмыс тобы жасақталды. Аумақтық инспекциямен бірлесе отырып жұмыс жасалуда. Күнделікті аудандардан, елді мекендерден ақпарат сұратылып, құстардың өлу фактілері бар-жоғы анықталып, күн сайын мониторинг жүргізілуде.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Ең бастысы, тұрғындарымыз бұл жеке бас гигиенасын сақтау керек. Жаңағы құстарды көбіне үй жағдайында балалар да ұстайтын болғандықтан, балаларға да гигиенаны сақтауды үйрету керек. Ет өнімдерін толық термикалық өңдеуден өткізу керек. Қыркүйек айында балық аулау, аң аулау кезеңі басталғандықтан, өнімді толық термикалық өңдеуден өткізбей, пайдаланбауды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы