427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 16 мыңнан аса тұрғын уақытша жұмысқа орналасты

  • 150
  • UPD: 23:33, 23.09.2020

Жыл басынан бері 16 мыңнан астам алматылық азамат уақытша жұмысқа орналасты.

Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге көп.

«Пандемияға байланысты жұмыссыздарды қолдауға биыл ерекше көңіл бөлініп отыр», – дейді Жұмыспен қамту орталығының мамандары.

SektorX әлеуметтік радиосы қалалық Жұмыспен қамту орталығымен 10 жылдан бері келісімшарт негізінде жұмыс істеп келеді. Мекеме жыл басында «Еңбек» бағдарламасы бойынша Торғын Жолдасбекова мен Нұржан Даутовты жұмысқа қабылдаған. Мүгедектігі бар екі азаматтың еңбекақысының 35% мемлекет төлесе, қалғанын жұмыс беруші өтейді.

Сәуле Алпысова, «Sektor X» әлеуметтік радиосының директоры:

– Уақытша жұмыс орындарына қабылдау біз үшін де тиімді. Біріншіден, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау болады. Екіншіден, білікті маман қалыптастырамыз. Бұл ретте жұмыс берушінің міндеті: шығармашылық әлеуеті бар, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маманды тұрақты жұмыс орнына қабылдау.

Уақытша жұмыс орындары үш бағыт бойынша іске асырылады. Олар: әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары және жастар іс тәжірибесі.

Ақжарқын Мухаримова, Жұмыспен қамту орталығының бөлім маманы:

– Қоғамдық жұмыс орындарына 12 айға дейін жолдама беріледі. Қоғамдық жұмыс орнына 16 жастан зейнетақы жасына 2 жыл қалғанға дейін жұмыссыз азаматтар жіберіледі. Жалақысы 85 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарында жартылай субсидия жүреді. Жастардың іс тәжірибесі 6 айға дейін созылады. Жалақысы толықтай мемлекеттен төленеді. Төлем 69 450 теңгені құрайды. Жастар іс тәжірибесінде өз-өзін көрсете білсе, мекеме ол кісіні өзіне тұрақты жұмыс орнына алады.

Қалалық Жұмыспен қамту орталығы бүгінде бос жұмыс орындары бойынша 4 мыңға жуық мекемемен келісім жасаған.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы