427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы театрлары әзірге ашылмайды

  • 127
Алматы театрлары әзірге ашылмайды

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры дайындаған бес қайырымдылық концерт өтпейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оған қаулыдағы түсініксіз жәйт себеп болып отыр»-дейді театрдың бас директоры Ая Қалиева. Оның айтуынша, Республиканың Бас санитарлық дәрігері 16-шы қыркүйекте карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізіп, театрлардың жұмысына рұқсат берген. Артынша Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысы шықты. Онда «Театр не тыйым салынған, не рұқсат берілген мекемелердің тізімінде жоқ», – дейді өнер ордасының өкілдері. Сондықтан олар республикалық дәрігердің қаулысын басшылыққа алыпты. Тіпті infokazakhstan.kz порталынан тіркеуден өтіп, рұқсат та алған.

Ая Қалиева, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры:

– Порталдан тіркеуден өткен соң маусым ашылғанша бірнеше қайырымдылық концерт беруді жоспарлағанбыз. Бірақ кеше бізге хабарласып: «Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысын басшылыққа алуларыңыз керек», – деп айтты.

Ал Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өз уәжі бар. Департамент өкілдерінің айтуынша, театрлар мәдениет нысандарына жатады. Олардың дайындық жүргізуіне рұқсат берілгенімен, көрермендерді қабылдауына тиым салынған.

«Сондай-ақ қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің жағдайды ескере отырып өз бетінше шешім қабылдауға құқы бар», – дейді. Сондықтан алматылық театрлардың көрермендерімен қашан қауышатыны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы