427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік дәрігерлерге әлеуметтік төлем берілді

  • 145
  • UPD: 22:32, 23.09.2020
Ақтөбелік дәрігерлерге әлеуметтік төлем берілді

Қатерлі дертпен күресе жүріп, ауруға шалдыққан дәрігерлерге әлеуметтік төлем берілді.

77 ақ халаттыға 2 млн теңгеден аударылған. Ал облыстық жұқпалы аурулар диспансерінің бұрынғы бас дәрігері Қалихан Қозыбағаровтың қаза болуына байланысты оның отбасына 10 млн теңге берілді. Қазір өзге медициналық қызметкерлердің құжаттарын арнайы комиссия мүшелері тексеріп жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес өңірдегі 277 дәрігер мен медбике коронавирус немесе пневмония ауруларын жұқтырған.

Айгүл Күштаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі:

– Бір жолғы әлеуметтік төлем коронавирусты инфекциямен және вирусты пневмониямен ауырған, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медициналық қызметкерлерге төленеді. Ақпараттық жүйеге барлығы 241 құжат енгізілді. Оның ішінде 118 құжат қарастырылды. Ал 77 маман бүгінгі таңда 2 млн тг қаражатқа қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы