427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда теміржол қатынасы жанданады

  • 205
Атырауда теміржол қатынасы жанданады

Атырау теміржол вокзалында 5 айлық үзілістен кейін пойыздардың жұмысы жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

25 қыркүйектен бастап жолаушылар төрт бағытқа сапарға шығады. Атап айтқанда, Атырау – Ақтөбе, Атырау – Маңғышлақ, Атырау – Алматы және Атырау – Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызы іске қосылмақ.

Ал Атырау арқылы өтетін транзиттік маршруттар әзір ашылмайды. Вокзалда 12 билет кассасы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ұзақ үзілістен кейін 26 техникалық  маман жұмыс орындарына оралған. Вокзал ғимаратында орналасқан асхана, дәріхана, басқа да сауда орындары жұма күні жұмыстарын бастайды. Қазір теміржол вокзалы соңғы дайындықтарын тиянақтап, жолаушыларды қабылдауға дайын отыр.

Майра Әбілова, вокзал басшысының орынбасары:

– Жолаушыларға вокзал ішіне бетпердесіз кріуге болмайды. Санитарлық режимді сақтау керекпіз. Сол себепті вокзалға кірерде температураларын термометрмен тексереміз. Билет алатын адамдарды кассаға өткіземіз. Вокзал тәулігіне екі мәрте дезинфекциядан өтеді.

Хабар 24 телеарнасы