428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Алдаспан-2020» әскери оқу-жаттығуы өтті

  • 185
  • UPD: 23:26, 23.09.2020
Жамбыл облысында «Алдаспан-2020» әскери оқу-жаттығуы өтті

Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында «Алдаспан-2020» тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Бұл – карантин кезінде елімізде өткізіліп отырған алғашқы ауқымды әскери іс-шара. Сарбаздар барлық санитарлық талапты сақтай отырып, қолбасшылық бұйырған тапсырмаларды орындады. Атыс алаңындағы щабуылдар алдын ала әзірленген сценарий бойынша өрбіді. Жаттығуға әуе қорғаныс күштерінің нысана жойғыш ұшақтары мен тікұшақтары, десанттық-шабуылдау құрылымдары, құрлық әскерлеріне қарасты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қатысты. Жауынгерлік жасақтар мен әскери тегеурінді техникалар «танкілік адуын» және «сириялық толқын» атты ұрыс-керіс пен шабуылдың жаңа әдістерін көрсетті. Жауынгерлердің дайындығы мен техникалардың мүмкіндіктерін тексерген әскер басшылары жаттығу нәтижесіне жоғары баға берді.

Табылды Исалиев, 21450 әскери бөлімінің командирі:

– Бұрынғыларында осындай жаттығулар көрсетпеген. Бірінші рет көрсетіліп тұр. Сарбаздың тәжірибелері болмаса да, қазіргі таңда жаңа жаттығуларды көрсетіп, бүкіл нысананы жоғарғы деңгейде жойып, өздерін жақсы көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы