428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбыры толық қуатқа шықты

  • 230
  • UPD: 23:50, 23.09.2020

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясы тағы бір ірі жобаны толық қуатына жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнеу – Бозой – Шымкент құбыры бойында салынған жаңа станция отандық газ магистральдарының мүмкіндігін арттырды.

«ҚазТрансГаз» компаниясы «Үстірт» деп аталған жаңа компрессорлық станцияның іске қосылуы мен газ тасымалы саласындағы іргелі жобаны аяғына жеткізді. Күре тамыр іспетті құбырмен тасымалданған газ оңтүстік өңірлердің 6 млн-нан астам тұрғынына шуақ пен жылу сыйлап отыр.

Нағи Әбуов, Ақтөбе магистральдық газ құбырлары басқармасының бас инженері:

– Отандық газ саласын дамыту – энергетикадағы басым бағыт. Біз газ тасымалдау, оны экспортқа шығару бағыттарын қарқынды дамытып отырмыз. Ұлттық оператор салған жаңа магистральдар мен компрессорлық станциялардың бәрі инновациялық технологияларға негізделген. Транзиттік мүмкіндіктеріміз де өте жоғары.

Бейнеу – Бозой – Шымкенттің шешуші элементі Үстірт компрессорлық станциясы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында салынды. Құбырдың 155-інші шақырымында салынған күрделі жобаны «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырды.

Нағи Әбуов, Ақтөбе магистральдық газ құбырлары басқармасының бас инженері

– Бұл газ құбыры төрт облыстың аумағынан өтеді. Алты компрессорлық станция іске қосылған. Солардың бірі – Үстірт компрессорлық станциясы. Компрессорлық станциясын іске қосу аталған құбырдың тасымалдау мүмкіншілігін жылына 15 млрд текше метрге дейін жеткізді.

Газ айдау құрал-жабдықтары мен агрегаттар компанияның арнайы тапсырысы бойынша жасалған. Сапасы мен сенімділігі күмәнсіз. «Ал қоршаған ортаға зиянсыздығы жағынан өзге стациялардан әлдеқайда озық», – дейді мамандар. Қыс жақындаған сайын бүкіл оңтүстіктің қажетін өтеуге қауқарлы құбырдың маңызы да артып отыр. Мысалы, құбырдың 860 шақырымы өтетін Қызылорда облысы елді мекендердің 95% газ жеткізуді көздеп отыр. Бұған тұрғындар да бизнес өкілдері де дән риза.

Авторы: Гүлзия Нақыпқызы

Хабар 24 телеарнасы