428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада онлайн несие рәсімдеу арқылы таныстарын тақырға отырғызған алаяқ ұсталды

  • 155
  • UPD: 09:07, 24.09.2020
Қызылордада онлайн несие рәсімдеу арқылы таныстарын тақырға отырғызған алаяқ ұсталды

Ол жақын-жуықтарының жеке куәлік көшірмелері мен банк карталарының номерін пайдаланып, әртүрлі қаржы ұйымдарынан микро-несиелер алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеушілер күдіктінің осындай 12 алаяқтық дерекке қатысы барын анықтап отыр. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында қулығына құрық бойламағандарға қатысты 406 қылмыстық іс қозғалған. Олардың дені шағын сыйақы үшін банктегі қарызды жауып беремін деп ондаған адамды алдаған. Соңғы уақытта интернет алаяқтардан аузы күйгендер қанша көбейсе де, жеке басына қатысты деректерді өзге адамдарға сеніп тапсыратындар қатары азаймай отыр дейді полицейлер.

жәбірленуші:

– 2020 жылы маусым айында бір танысым ақша аудару керек еді, шотыңды пайдаланайын деді. Мен еш ойым жоқ, жеке куәлік нөмірі мен банктің нөмірін суретке түсіріп жібердім, ол ақшасын аударды. Сосын мен оны соның ақшасы ғой деп өзіне қайтадан бердім. Сосын 1-2 айдың көлемінде маған сен қарызсың деп хабарласты. Алаяқтық екенін түсіндім.

Айгүл Әділова, қалалық полиция басқармасының тергеушісі:

– ҚР Қылмыстық кодексінің 190-ы бабы, 3-бөлігі, 4-тармағымен алаяқтық фактісі бойынша Қызылорда қаласы 27 жастағы тұрғыны С есімді азамтқа қатысты алаяқтық фактісі қозғалды. Бұл бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізіліп, қазіргі таңда материалдар сотқа жолданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы