427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бір күнде 400-ден астам жол жүру ережесі бұзылған

  • 162
  • UPD: 09:08, 24.09.2020
Ақтөбеде бір күнде 400-ден астам жол жүру ережесі бұзылған

Негізінен ортақ талапқа мойынұсынбаушылық жүргізушілер тарапынан болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

120 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы жылдамдықты асырған азаматтарға қатысты толтырылған. 6 адам ішімдік ішіп рөлге отырса, 23 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген. Қозғалыстың қарама-қарсы бағытына шығып кеткендер де кездесті. Полицейлердің айтуынша, ереже бұзатындар – негізінен тәжірибесі аз, рөлге отырғанына 5 жылдан аспаған жастар.

Айдос Құлжанов, облыстық ПД ЖПҚ бөлімше бастығы:

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол көлік оқиғаларын өрескел бұзушылыққа көңіл аударып отырмыз. Көлік құралын басқару кезінде қарсы бағытқа шығып кету негізгі себептері жол-көлік оқиғаларының, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, басып озу ережелерін бұзу және де елді-мекендерде жаяулар өткелін өту ережесі болып табылады. Жыл басынан бері 357 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 63 адам қаза болып, 492 адам дене жарақатымен ауруханаға қаралып отыр.

Хабар 24 телеарнасы