427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да балалар үйінде қауіпсіздік күшейтіледі

  • 186
ШҚО-да балалар үйінде қауіпсіздік күшейтіледі

Облыстық прокуратура қызметкерлерінің бастамасымен өлкедегі мұндай мекемелерде тәуелсіз бейнебақылау камералары орнатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнетаспаға тіркелген жазбалар 90 күнге дейін ғаламторсыз-ақ сақталып тұрады. Оны өшіруге немесе өзгертуге мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар тіркелген бейнежазбаны тек прокуратура өкілдері мен еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының белгілі мамандары ғана көре алады. Ең алдымен ерекше бейнебақылау жүйесі бірнеше рет қоғам назарына іліккен Аягөздегі балалар үйіне орнатылды. Естеріңізде болса, ол жерде 4 бірдей баланың өлімі тіркелген болатын. Ал кейіннен ондағы 35 қызметкер мен 22 тәрбиеленушіден коронавирус инфекциясы анықталды. Сондықтан аталған әлеуметтік мекеме енді құзырлы органдардың жіті бақылауында болмақ. Айта кету керек,бала құқығын қорғауға байланысты шараларды күшейтуге орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында нақты тапсырмалар берген болатын.

Лаура Түгелова, ШҚО прокурорының көмекшісі:

– Жақын арада облысымыздың мекемелерінде жаңа жүйе қосылатын болады. Ол Семей қаласындағы және Өскемен қаласындағы балалар үйінде және де сонымен қатар облыс прокуратурасымен барлық балалар үйінде ұтқыр бекетер құрылды. Мұның барлығы біздің ойымызша, бақылауды күшейтуге балалар құқығын қорғауға және олардың қауіпсіздігін жақсартуға жасалған іс-шара.

Хабар 24 телеарнасы