427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда синтетикалық есірткі өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді

  • 174
  • UPD: 10:20, 24.09.2020
Алматыда синтетикалық есірткі өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді

Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды, рұқсат етілген тінту кезінде бес жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін компоненттері бар төрт бөшке (80 литрден астам), сондай-ақ 100 грамм «Мефедрон» тәркіленді. Оны 1976 жылы туған К.есімді азаматтың тобы жүргізген.

«Осылайша, біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойып қана қоймай, заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас бес жаңа зертханаларды құруға арналған материалдарды тәркіледік. Жоғарыда аталған үйдің аумағында тінту жүргізгенде ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір ыдыс табылды және тәркіленді. Үйдің екінші қабатын тінту кезінде жатын бөлмесінде ерекше иісі бар полиэтилен пакетінде тұрған екі ұнтақты зат, магниттік араластырғыш (зертханалық, электрлік) тәркіленді. Сондай-ақ бөлмеде жаңа бес магниттік араластырғыш, бес электронды таразы, бес электронды сорғы, түрлі зертханалық колбалар және көптеген басқа да зертханалық қондырғылар болды. Екінші қабаттың балконын тінту кезінде 1 пакет «100 гр» деген жазуы бар ақ түсті, иісі бар, ұнтақ зат тәркіленді», – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған ақ затта және заттың пластик карточкада қабатталуында мефедрон – Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының тізіміне енгізілген меткатинон психотроптық затының аналогы бар. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. К. есімді азамат қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы