427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында құс тұмауы тіркелген ауылдардағы үй құстары жойылады

  • 171
  • UPD: 15:19, 24.09.2020

Павлодар облысында құс тұмауы тіркелген ауылдардағы үй құстарының бәрі бірдей жойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет ошағы тіркелген Железинка ауданындағы Ақтау ауылымен Тереңкөл ауданына қарасты Трофимовка елді мекеніне эпизоотикалық ахуалға байланысты жасақ барды. Халық арасында түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

Железинка ауданындағы Ақтау ауылында тағы 23 құстың өлексесі табылды. Бұл ауылда өлген құстардың саны 90-нан асты. Кеше карантин режимі өз күшіне енді. Елді мекенді айналасындағы жер жыртылып, кіре беріске дезинфекциялық бекет орнатылды. Қырылған құстардың өлексесін өртейтін пеш жұмыс істеп тұр. Эпизоотикалық ахуалға қарсы жасақ барлық үй аулаларындағы құстарды алуға дайындалып жатыр. Железинка ауданы бойынша бүгінгі таңда 18 мың құс тұмауға қарсы егілген. Ал індет ошағы тіркелген Тереңкөл ауылында жағдай тұрақты. Соған қарамастан карантин режимі енгізіліп отыр. Бұл ауылда да құстар жойылады. Тұрғындар жағдайды түсіністікпен қабылдағанын айта кету керек. Алынған құс басына қарай өтемақы төленеді. Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Мақашевтың айтуынша қазір құстарды егу ісі жалғасуда. Қазіргі уақытқа дейін 28 мың 200 құсқа вакцина жасалған. Тағы бір айта кетерлік жайт, Железинка ауданының Жаңажұлдыз ауылында өлген құстардан алынған патологиялық материалдар сараптамаға жіберілді. Онда 11 құстың өлгені анықталды. Бұл ауылдық округте қыркүйек айы басталғаннан бері 1300 құс қырылған екен.

Хабар 24 телеарнасы