428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалық жылыту энергетикалық компаниясының жұмысшылары жалақысын ала алмай жүр

  • 188
  • UPD: 14:20, 24.09.2020
Арқалық жылыту энергетикалық компаниясының жұмысшылары жалақысын ала алмай жүр

Кәсіпорында бұл проблема жыл басында басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысшыларға шілде айының еңбекақысы қыркүйекте төленіпті. Нәпақасыз қалған еңбек ұжымы облыс басшысына хат жолдаған. Олардың 80 процентінің банк алдында берешек несиелері бар. Сонымен бірге зейнетақы аударымы уақытылы жасалмағандықтан, медициналық сақтандыру қорына ешқандай жарна түспеген. Қазір жылумен қамтушы компанияда төрт жүздей адам еңбек етеді. Жалақы бойынша қордаланған қарыз жиырма бір миллион теңгеге жуықтаған.

Арқалық жылыту энергетикалық компаниясының қызметкері:

– 2019 жылдан бері зейнетақы аударымы, медициналық сақтандыру қорына қаржы түсіп жатқан жоқ. Сол себептен біз ауруханаға қарала алмай жүрміз. Өйткені әлеуметтік сақтандыру жоқ. Кәсіпорынның ақшасы жоқ.

Ерлан Райысов, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары:

– Жалақы бойынша проблема жылда күз мезгілінде қайталанады. Жылуды біз қыста береміз. Оған қоса жазда пандемия болды. Осыған байланысты қала тұрғындарының көбі жұмыссыз отырды. Сәйкесінше, коммуналдық төлем жасаған жоқ. Қазір жағдай бірте-бірте тұрақталды. Кіріс те бар.

Хабар 24 телеарнасы