428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үй құстарына екпе егу жұмыстары қызу жүріп жатыр

  • 183
  • UPD: 14:21, 24.09.2020
Алматы облысында үй құстарына екпе егу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Өңірде 12 құс фабрикасы бар. Ветеринарлар құс тұмауының алдын алу жұмыстарын сол кәсіпорындарға жақын маңдағы елді мекендерден бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Галина Мамедованың ауласында 200-ге жуық қаз-үйрек, тауық пен күркетауық бар. Бұл отбасының ең негізгі табыс көзі – құс шаруашылығы. Өзге өңірлерде құс тұмауының өршуі жетісулық шаруаларды да қатты алаңдатып отыр.

Галина Мамедова, Мойнақ ауылының тұрғыны:

– Барып айтпаймыз. Ветдәрігерлер өздері келеді. Алдын ала келіп айтып кетеді. Сол күні, келеді, салады.

Оған солтүстіктегі жағдай әсер етіп отыр. Талдықорған қаласы бойынша жекелеген тұрғындардың қолында 5 мың құс бар. Оларға вакцина жеткілікті. Облыс орталығына жақын маңдағы құс фабрикалары да жіті бақылауда. 

Нұрәділ Бекбосынов, қалалық ветеринарлық станция директоры:

– Ол жерлерде екеуінің жиынтығы қазір 1 млн 600 мыңдай құс бар. Олардың бәрін біз бақылауда ұстап отырмыз. Күнделікті байланыстамыз. Жақында жұмыртқа бастырды, құстың саны көбейеді. Олар егілді, вакцинасын алған.

Алматы облысында 10 миллионнан астам құс бар. Соның 7 миллионы құс фабрикаларына тиесілі. Қалғаны жекенің қолында.

Нұртас Қиялбеков, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Ауылдық округтардың ветеринарлық мамандарының ішінен мобильдік топтар құрылып, құс иелеріне түсіндіру, насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жоғары уытты құс тұмауы ауруының алдын алу және профилактикалық шараларын жүргізу барысы бойынша.

Өңірдегі құс өсірумен айналысатын шаруалар мен ірі кәсіпорындар үшін әзірге вакцина жеткілікті. Қауіп туындап жатса, қосымша екпе алғызу мәселелерін қарастырамыз дейді мамандар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы