432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жылы аялдамалар ашылды

  • 185
  • UPD: 14:13, 24.09.2020
Елордада жылы аялдамалар ашылды

Күн күрт суытып, елордада жылы аялдамалар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен барлығының іші бірдей таза емес. Әсіресе қаланың оң жағалауында. Тіпті кейбір аялдама іші әлі де суық дейді тұрғындар. Автобус күтіп сыртта ұзақ тұрсаңыз, әлбетте тұмауратып қалуыңыз мүмкін. Ал іші лық толы жылы аялдамаға кірсеңіз, тұмаумен қатар вирус жұқтырып алу қаупі артады. Осыған байланысты жабық кеңістік ішінде дезинфекциялық жұмыстардың жиі жүргізіліп тұруын сұрайды жолаушылар.

БЛИЦ:

– Қазір күн суытып жатыр, қаланың көп жерінде жабық тұр. Оны ашып, халыққа қолжетімді етіп бергені дұрыс болар еді.

– Негізі мұның бәрін адамдарға істейді. Таза болуы керек. Дезинфекция істеу керек, оның бәрі жоқ. Ешкім қарап жатқан жоқ. Бұл астана, басқа шет мемлекеттерден келгендерден ұят сияқты.

Хабар 24 телеарнасы