427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 3,4 млн адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген

  • 188
  • UPD: 15:23, 24.09.2020
Елімізде 3,4 млн адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген

Қазақстандықтардың 18 проценті әлі күнге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр.

1 миллионнан астам адам мүлдем сақтандыру жарналарын жасаған емес. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді. Ол төтенше жағдай кезінде қазақстандықтардың бір бөлігі аударымдар жасау мүмкіндігінен айырылғанын атап өтті. Сондықтан Үкімет медициналық сақтандыру жүйесіне 70 мыңнан астам адамды «қайтару» шараларын қабылдады.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жылына кемінде 25 мың теңге төлейтін пациенттер медициналық көмекті тегін ала алады.

Хабар 24 телеарнасы