428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде әлеуметтік нысандар кәріз жүйесіне қосыла алмай отыр

  • 144
Сыр өңірінде әлеуметтік нысандар кәріз жүйесіне қосыла алмай отыр Egemen.kz

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті әлеуметтік нысандардың коммуналдық мәселесі ушығып барады. Аудан орталығындағы 20 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы мен ауысымына 250 адам қабылдайтын емханаға қалдық су шығаратын желі ауадай қажет. 2009-2013 жылдары екі кезеңдік кәріз жүйесін тарту жұмыстары жүргізілген. Бірақ құрылысты өткізуші – облыстық құрылыс басқармасы мен қабылдап алушы – денсаулық сақтау басқармасы арасындағы келіспеушіліктен нысандар коммуналдық меншікке алынбай, қараусыз қалып, қондырғылар мен құбырлар талан-таражға түскен. Енді жергілікті әкімдік коммуналдық желіні жаңадан жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 46 миллион теңге қаржы бөлуді сұрап отыр.

Асылбек Шәменов, Жалағаш ауданының әкімі:

– Бұрынғы кәріз жүйелері үлкен нысандардың қуаттылығына арналмаған. Сондықтан 3 қабатты үлкен аурухана, одан кейін емханамыз бар. Тағы мектеп секілді әлеуметтік нысандарымыз бар, соның бәрін жүзеге асырғанда, мәселе туындайтыны анық. Сондықтан осының бәрін толыққанды бір жүйеге қосу үшін кәріз жүйесі мәселесін шешуге тура келіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы