432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көлік апатынан 200-ден астам жеке үй газсыз қалды

  • 161
  • UPD: 17:36, 24.09.2020
Алматыда көлік апатынан 200-ден астам жеке үй газсыз қалды

Алматыда үлкен жүк көлігі газ құбыры желісін қағып кетті, салдарынан 249 жеке үй газсыз қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 23 қыркүйек күні Түрксіб ауданындағы «Қайрат» ықшамауданында болды.

«КамАЗ көлігі ДУ-108 мм орташа қысымды газ құбырына соғылды, нәтижесінде газ желісінің L-5м зақымданды. Сондықтан 249 тұрғын үйге берілетін құбырларға газ жіберу тоқтатылды», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына қатысты арыз Алматы қалалық Полиция департаментінің жол полициясына берілді.

Хабар 24 телеарнасы