427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында дәріханаларға 32 млн теңге айыппұл салынды

  • 271
  • UPD: 17:42, 24.09.2020
Ақтөбе облысында дәріханаларға 32 млн теңге айыппұл салынды

Ақтөбе облысында вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек құнын бірнеше есе қымбат бағамен саудалаған 5 дәріхананың лицензиясы қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі айда арнайы топ жүргізген рейдтік шаралары кезінде 70-тен астам заңбұзушылықтар анықталған. Дәріхана иелері жағдай қиын екенін біле тұра, тұтынушыларды тығырыққа тіреген. Құзырлы министрлік бекіткен бағаны елемеген кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 32 миллион теңге айыппұл салынды.

Жанболат Тұртаев, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Мысалы айтатын болсақ, бір дәріні, Клексан деген дәрі бір қорапшасында 10 дана болады. Сол 10 дана 18 600 теңге тұрады. Соны мысалы «Айболит» дәріхана желісінде 42500 теңгеге сатты соны. Үстіне 20 мыңнан астам, 2-3 еседен қосып. Бір әйел адам болды. Жолықты, «Нұрсити» ауданында. 171 000 теңгеге Ингавирин алған. Санап келген кезде 55630 теңге артық қосқан.

Хабар 24 телеарнасы