429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аялдамалардағы жылу мен тазалық елордалықтардың көңілін көншіте ме?

  • 164
  • UPD: 23:22, 24.09.2020

Елордада төтенше жағдай тәртібі кезінде қауіпсіздік үшін жабылған жылы аялдамалар күннің күрт суытуына байланысты қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Негізі аялдамаларды сынап бағаны 0-ден төмен болған кезде ашу жоспарланған еді. Алайда, тұрғындардың өтініші ескерілді», - дейді әкімдік қызметкерлері. Аялдамалардағы жылу мен тазалық жолаушылардың көңілін көншіте ме?

Блиц 1:

- Қазір күн суытып жатыр. Қаланың көп жерінен соғылған, бірақ жабық тұр. Оны ашып, ішін тазалап, осы халыққа қолжетімді бергені дұрыс болар еді.

Блиц 1:

- Негізі бұның бәрін адамдарға істейді ғой. Таза болуы керек іші. Дезинфекция істеу керек, оның бәрі жоқ қой. Ешкім қарап жатқан жоқ. Бір шетінен бұл елорда, басқа шет мемлекеттерден келгендерден ұят сияқты.

Елордада 100-ден астам жабық аялдама бар. Күні кеше қала әкімі Алтай Көлгінов жылы павильондарды дереу ашу туралы шешім қабылдады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының сұрауы болатын. Бірақ клининг қызметі барлығын бірдей тазалап үлгермеген. Қазіргі уақытта тек 20-дан астам аялдама дайын.

Руслан Әбдуалиев, қалалық жол қозғалысы және көлік инфрақұрылымы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы:

- Бізде ашық түрде конкурс жарияланады жыл басынан. Бұл аялдамалардың барлығы белгіленген кестеген байланысты тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.

Руслан Әбдуалиевтің айтуынша, клининг компаниясы қызметін жалғастырып келеді. Бір аялдама едені мен терезесін хлор және спирт қоспасымен тазарту үшін шамамен жарты сағат уақыт кетеді. Жұмыстар алдағы 1-2 тәулікте аяқталады. Қазірдің өзінде кейбір аялдамаларда жылыту жүйесі қосылған. Бірақ әзір антисептик құйылған құтылар қойылмайды.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Марат Диқанбаев

Хабар 24 телеарнасы