428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында тұрғындардың үй құстары жойылып жатыр

  • 157
  • UPD: 19:45, 24.09.2020
Павлодар облысында тұрғындардың үй құстары жойылып жатыр

Ертіс өңірінде індет тараған елді мекендерде үй құстарын жою жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта Тереңкөл ауданы Трофимовка ауылы тұрғындарының қанаттылары жойылып жатыр. Бұл ауылда карантин екі күн бұрын жарияланды. Ветеринарлық заңнамаға сәйкес қаз-тауықтар арнайы пеште жағылуы тиіс. Бүгінгі таңда ошақта бірнеше ветеринарлық топ жұмыс істеп жатыр. Шектеу шаралары шеңберінде елді мекеннің айналасы жыртылып, дезинфекциялық бекет қойылды. Мамандар құстарды аулап, жағу жұмыстарын бірнеше күн ішінде аяқтайды. Карантин режимі 21 күн бойы сақталады. Тереңкөл ауылында үй құстарына екпе салу жұмыстары жүргізілген. Осы уақытқа дейін 28 мыңнан астам бас вакцинациядан өтті. Павлодар облысының Железин және Тереңкөл аудандарында індет ошақтары анықталған. Әзірге эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Ермұхамет Жұмасанов, Жаңақұрылыс ауылдық округінің мал дәрігері:

- 300 бастай ұстадық. Қазір біраз тағы ұстаймыз. Сондықтан жағамыз олардың түгелін, утилизация жасаймыз. Ауылға, түгеліне «құстар қамаулы болсын» деп хабарладық. 1800 бас бар Трофимовканың өз аумағында, Жаңақұрылыс округі бойынша 2600 бас құс бар. Түгеліне вакцина жасалды аймақтарда. Қарап, тексеріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы