428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құс тұмауына байланысты аң аулауға тыйым салынуы мүмкін

  • 144
  • UPD: 23:10, 24.09.2020
СҚО-да құс тұмауына байланысты аң аулауға тыйым салынуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының тарауына байланысты күзгі аң аулау маусымы тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен 15 қыркүйектен басталып, құстар жылы жаққа ұшып кеткенге дейін созылады. Аймақта қанаттылар қырылып жатқан кезде жабайы қоныс аударатын құстар инфекция тасылдаушы болуы мүмкін. Сондықтан Ветеринария басқармасының мамандары Экология министрлігіне аңшылыққа тыйым салу мәселесін қарастыруды сұрап арнайы хат жолдады.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Өте қауіпті. Құстармен қатар аңшылар да қауіпті індетті жұқтырып алуы мүмкін. Тіпті ауылға да тарап кетуі ықтимал. Сондықтан осындай шешімге келіп, аңшылық маусымын тоқтату туралы министрлікке сауал жолдадық. Әзірге жауабын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы