428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында құс тұмауына қарсы екпе егу шарасы басталды

  • 101
  • UPD: 20:03, 24.09.2020
Ақмола облысында құс тұмауына қарсы екпе егу шарасы басталды

Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігінен 510 мың вакцина мөлшері келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ветеринар мамандар бұл жұмысты ең алдымен Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына шекаралас аймақтар мен жабайы құстар мекендейтін өзен-көлдерге жақын елді мекендерде жүргізеді. Бүгінгі таңда құс тұмауы Шойындыкөл ауылында ғана расталған. Ал, ауру белгілері анықталған өзге 6 аудан бойынша сараптамалық зерттеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы ертең дайын болуы тиіс.

Асқарбек Ыбыраев, қалалық ветеринария станциясы басшысының м.а.:

- Көкшетау қаласы бойынша және осы төңіректе құстың өлу дерегі тіркелген жоқ. Ол жөнінде әр міне, Көкшетау – 2, Красный Ярдан күнделікті деректер жинап отырамыз. Және сол жердің ветеринарлық дәрігерлері күнделікті ахуалды біліп отырады.

Хабар 24 телеарнасы