432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейді

  • 354
  • UPD: 21:13, 24.09.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өңірдегі жолдарды жөндеуге қазынадан 194 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Қаржының 41 миллиардқа жуығы облыстық маңыздағы жолдарды қалпына келтіруге жұмсалады. Бірақ кейбір бағыт бойынша жұмыстың сапасы көңіл көншітпейді. «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» мәліметі бойынша мердігер мекемелер бекітілген жобадан жиі ауытқиды. Салдарынан жөнделген жол келер жылы шұрық-тесік болып шыға келеді. Шығыстағы жол сапасын арна тілшісі Олжас Керейхан зертхана мамандарымен бірге көріп қайтты.

Олжас Керейхан, тілші:

- Бұл – соңғы жиырма жылда жөндеу көрмеген Шемонаиха – Больщая Речка жолы. Жиырма шақырым болатын бұл жолға орта жөндеу тамыз айында басталды. Ол үшін облыс бюджетінен 468 миллион теңге бөлінді. Мердігер жұмыстың кеш басталуын тендердің өте жай өткізілуімен байланыстырады. Кесте бойынша қазан айының соңында аяқталуы тиіс. Бүгінге дейін 10 шақырмға жуық жерге асфальт төселді. Басты талап – сапа.

Тек суға төзімі ғана емес, бірнеше параметр бойынша тексеріледі. Яғни, әрбір жолды салғанда немесе жөндегенде бастапқы жобада барлығы көрсетіледі. Мердігер сол талапты орындауға міндетті. «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» мамандары сол бойынша тексереді.

Айдос Қабылбаев, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» рмк инженері:

- Қайта тексеру жол тегістігінің нормаға сай екенін көрсетті. Жалпы биыл 807 рет тексеріске шықтық. Облыстық республикалық жолдарға сынама алдынды. Оның 362 нормаға сай екені анықталды. Қалған метериалдар нормаға сай емес. Ол бойынша хат жазылып, тапсырыс берушілерге ескертілді.

Тапсырыс берушілер ескертілген соң мердігерге анықталған кемшілікті түзеттіруге міндетті. Ол үшін белгілі бір мерзім беріледі.

Медет Айыпов, мердігер мекеме директорының орынбасары:

- Бұл осымен екінші тексеру. Қосылған жерлерді, солар айтқан нәрселерді түзеп отырмыз.

Түзеп отырмас үшін жобаны негізге алу шарт. Бірақ облыста кейбір ауылдардың арасындағы жолдарда негіз де қалмаған.

Олжас Керейхан, тілші:

- Қазір облыстағы жолдардың 60-70%-і ғана қанағаттанарлық жағдайда. Жыл сайын 200-300 шақырым жол әртүрлі дәрежеде жөндеуден өтеді. Ал еліміздің автокөлік жолдары комитеті 2025 жылға дейін өңірдегі жолдардың 90%-ін тақтайдай ету талабын қойып отыр. Жалпы өңірдегі 12 мың шақырымнан аса автокөлік жолы бар.

Дегенмен, биыл аймақта 662 шақырым жол жөнделді. Басым бөлігі ауданаралық бағыттар. Ал ауылдардың арасындағы жолдар болашақтың үлесінде.

Нұрбек Тұраров, облыстық автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Екінші мағыналы дәрежедегі жолдар қалып жатыр. Елді мекендерге баратын оларды келешекте кезең-кезеңмен бюджеттің қаржысына байланысты тырысамыз. Жоспарда бар олар.

Жоспарда бар жолдарда жұмыс бастау қаражатқа байланысты болмақ. Ал, мердігерлер биылғы жобаларды суық түспей аяқтауға міндетті.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтын

Хабар 24 телеарнасы