432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында құрылысшылар газ құбырының үстінен асфальт төсеп жіберген

  • 182
  • UPD: 20:42, 24.09.2020
Маңғыстау облысында құрылысшылар газ құбырының үстінен асфальт төсеп жіберген

Маңғыстау облысындағы Аташ ауылында құрылысшылар жол салу кезінде газ құбырының үстінен асфальт төсеп жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың олқылығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бүгін осы жағдайға байланысты Түпқараған ауданының әкімдігі түсінік берді. Кеше кешкілік ауыл ішіндегі жол салушылар ортада тұрған газ құбырына қарамастан асфальт төсеп жіберген. Ал ол кезде жұмысшы бригадасын бақылайтын жауапты азаматтар үйлеріне кетіп қалған. Газ құбырын қорғау аймағына жататын 5 жерді қалдырып кету туралы әкімдіктің алдын-ала ескертуіне қарамастан, мердігер мекеме тарапынан өрескел қателікке жол берілген. Арада бірер сағат өткен бойда айыпты компания түнделетіп төселген асфальт жабындысы қайта алып тастады.

Алмас Жеткізгенов, Түпқараған аудандық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Мердігер мекеме кеткен қателіктері үшін жауапкершілікті толығымен өз мойындарына алды. Аталған жұмыстарды қалпына келтіру мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ «ҚазТрансГазАймақ» Акционерлік қоғамының алынған техникалық шарт талаптарына сәйкес газ құбыры ауыстырылады. Ауылішілік жолдың аталған бөлігін асфальттау газ құбырын ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы